30 мамыр 2018 18:18

Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа интернет-ресурс іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа интернет-ресурс іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа интернет-ресурс іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміржолмен жүру билетін электронды сатып алатын жаңа сайт bilet.railways.kz. ашылды.

Ол жобаны "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Бас есептеу орталығы" мемлекеттік "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жаңа сайтта пойыздың жүру билетін арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта «күту парақшасы» қызметі де бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ, жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы "баруға" және "қайтуға" билеттерді бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады.

Оның сыртында сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін де көреді.

"Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa и MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда оператордың online режімдегі көмегіне жүгінуге болады", - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Бас есептеу орталығының" директоры Тілеужен Оразбаев.

Жаңа сайт ұялы телефон құрылғыларына да бейімделген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети