05 қараша 2014 | 20:55

Қазақстанда проблемалық несиелердің 40 пайызы шетелдіктерге тиесілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда проблемалық несиелердің 40 пайызы шетелдіктерге тиесілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкі таратқан мәліметке сілтеме жасап. Атап өтерлігі алған несиесін өтемейтіндерге қарызды негізінен бір банк қана беріп отырған.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда проблемалық несиелердің 40 пайызы шетелдіктерге тиесілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкі таратқан мәліметке сілтеме жасап. Атап өтерлігі алған несиесін өтемейтіндерге қарызды негізінен бір банк қана беріп отырған.

"Жұмыс істемейтін" займдар портфелінің ағымдағы жағдайы көрсеткеніндей, проблемалы кредиттер заңды тұлғаларға, шағын және орта бизнес субектілеріне беріліп келген. Проблемалық несиелердің негізгі бөлігі еліміздегі екі ірі банкке қатысты болып отыр.

"Жаман" займдардың негізгі бөлігі құрылыс, жылжымайтын мүлік және сауда-саттық операциялары секілді салаларға бөлінген. Одан бөлек "жаман" несиелер 2006 жылдан 2008 жылдар аралығында берілгені белгілі болып отыр. Оның үстіне ол кезеңдерде берілген несиелердің қайту қайтпау тәуекелі аса жоғары болатын. Ал ол уақыттарда берілген несиелерді орнына қою үшін аса ірі көлемде инвестиция тарту қажет болуы мүмкін", - делінген Ұлттық банк таратқан мәліметте.

Банктерді зерттеу қорытындысына сәйкес проблемалы несиелердің 61,6 пайызы шетел валюталарынан тұрады. "Жұмыс істемейтін" займдарды жабу көлемі шамамен 70 пайызды құрайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети