Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда "сары" аймаққа жаңа шектеулер енгізілді 01 шілде 2022, 14:07

Қазақстан өңірлері "сары" аймаққа өткен жағдайда енгізілетін жаңа шектеулер тізімі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоаралық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан өңірлері "сары" аймаққа өткен жағдайда енгізілетін жаңа шектеулер тізімі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысқан Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

"Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусымның ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80 пайызына жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар", - делінген хабарламада.

Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылдады:

  • науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.  

Сондай-ақ, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.

Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек-орындармен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram