Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға арналған кеңесте сатып алу және мердігерлерді таңдау электрондық платформасын құруды, сондай-ақ Smart Turmys жүйесін іске қосуды жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Smart Turmys – бұл су, жылу және электр қуатының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық платформа. Сонымен қатар инвесторлар, мердігерлер мен азаматтар қажетті ақпарат ала алуы үшін call-орталық пен ресми сайт іске қосылады.
Барлық шара бақылауды күшейтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Басты мақсат – коммуналдық қызметтерді сенімді әрі заманауи ету, ал жаңғырту процесін ашық әрі түсінікті ету, деп атап өтті телеарна.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!