08 тамыз 2019 10:34

Қазақстанда сұранысы аз мамандықтардың тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сарапшылар Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек ресурсын дамыту орталығына сілтеме жасап.


Сарапшылар Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек ресурсын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Жарияланған тізімде бірінші орында заңгерлер тұр. Былтырғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған.

Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техниктер-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ға жуық) бар.

Ал жоғары сұранысқа ие мамандықтарға бүгінде экономистер, шаштараздар, қаржы қызметкерлері, тігіншілер мен техник-технологтар кіреді.

Бұдан бөлек, сарапшылар сатушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, эколог, инженер-экономист мамандықтарға да сұраныстың төмен екенін айтады.

"1,5 миллион теңгеге дейін". Оқу ақысы жоғары мамандықтардың жалақысы қанша?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети