01 наурыз 2022 09:06

Қазақстанда тағы 10 адам коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.


Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

27 ақпандағы мәлімет бойынша 22 912 адам коронавирус инфекциясынан (21 798 КВИ+ және 1 114 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 2 592 пациент стационарда,
  • 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 184 адамның жағдайы ауыр,
  • 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 63 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 385 399 адам, 2-компонентін 8 991 492 адам салдырды.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.

2022 жылдың 28 ақпанында Pfizer вакцинасының ️ I дозасын 840 906 адам, ️ІІ дозасын 603 282 адам салдырды.

Оның ішінде: І компонентімен

  • жасөспірімдер - 696 988,
  • жүкті әйелдер - 31 931,
  • бала емізетін әйелдер - 109 014.

ІІ компонентімен

  • жасөспірімдер - 503 528,
  • жүкті әйелдер - 23 233,
  • бала емізетін әйелдер - 76 456.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети