19 желтоқсан 2023 16:17

Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша өшіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay pixabay

Сенбіде Қазақстанның түкпір-түкпірінде техникалық қызмет көрсету үшін теледидар мен радио өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" мәліметіне сілтеме жасап.


Сенбіде Қазақстанның түкпір-түкпірінде техникалық қызмет көрсету үшін теледидар мен радио өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" мәліметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) "Қазмедиаорталығының" хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ, "Қазтелерадио" АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабарланды.

"Қазтелерадио" уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети