25 ақпан 2019 11:58

Қазақстанда темекі өндірісі азайып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Қазақстанда темекі өндірісі азайып жатыр, - деп хабарлайды EnergyProm сарапшылары.


Қазақстанда темекі өндірісі азайып жатыр, - деп хабарлайды EnergyProm сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, биыл қаңтарда темекі және басқа да табак өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 33,5 пайызға қысқарған. Бірінші айда 412 миллион дана темекі өндірілген. 

Мамандар табак өндірісінің айтарлықтай құлдырап жатқанын айтады. Былтыр темекі өндіруші компаниялар өндірісті 1,2 пайызға еселеген (18,1 миллиард дана). Алайда 2019 жылы қаңтар айының қорытындысы бойынша табак өндірісі бағаның әсер етуіне байланысты 5,1 пайызға қысқарған (3,2 миллиард теңге).

Сарапшылар өндіріс құлдырауы күтілгенін, осылай болатыны жоспарланғанын атап өтті.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан 2006 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының қағидаттарын ұстанады. Сондықтан темекі және табак өнімдерін жарнамаға, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға, қоғамдық орындарда темекі шегуге және т.б. тыйым салынады. 

Сарапшылардың мәліметінше, биыл ақпанда темекі бағасы бір бумаға 410 теңгеге дейін - бір жыл ішінде 11,3 пайызға өсіп отыр. Қостанай тұрғындары үшін темекі қымбатқа түседі - бір қорап үшін 435 теңге (+13,6 пайыз). Одан әрі Ақтау - 432 теңге (11,6 пайыз) және Көкшетау - 428 теңге (11,2 пайыз). Ал Талдықорған тұрғындары темекі қораптарын арзанырақ ала алады - 388 теңге (9,9 пайыз).

Мамандар темекі бағасының өсуі жалғасатынын айтады.

2018 жылы 16 қарашада "темекіге ең төменгі бөлшек баға белгілеу туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді. Олар фильтрлі, фильтрсіз 20 шылымға және папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеуге қатысты:

∙ 360 теңге 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда;
∙ 380 теңге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 30 маусымына дейін;
∙ 400 теңге 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
∙ 420 теңге 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 30 маусымына дейін;
∙ 440 теңге 2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін;
∙ 460 теңге 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін;
∙ 480 теңге 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
∙ 500 теңге 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін;
∙ 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 520 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети