09 наурыз 2021 13:37

Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпанда қайта өсе бастады - Ұлттық статистика бюросы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың ақпанында өсуін жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың ақпанында өсуін жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары - 3,1 пайыз, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6 пайызға жоғарылады", - делінген хабарламада.

2020 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үй 5 пайызға қымбаттаған. Ал 2021 жылы қаңтар-ақпанда бағалар 4,2 пайызға өсті.

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2020 жылы 13,2 пайызға, 2021 жылдың екі айында 8,2 пайызға көтерілді.

Қазақстан бойынша жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны - 322 968 теңге.

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети