Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда "тыныштық күні" басталды

19 Наурыз 2016, 00:00
16
ОСК ғимараты. © Тұрар Қазанғапов
ОСК ғимараты. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 19 наурызда "тыныштық күні" басталды, бұл күнде сайлауалды насихатқа тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 20 наурызда ел Мәжілістің және жергілікті мәслихаттардың сайлауында дауыс береді.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.

Tengrinews.kz сайлауалды кезеңінің хронологиясын келтіреді.

Биылғы 13 қаңтарда Мәжіліс депутаттары бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуды және жаңа Парламент сайлауын тағайындауды сұрап, бастама көтерген еді. Мәжілісмен Нұрлан Әбдіров бұл шешімнің "елдегі экономикалық жағдайдың ушығуына байланысты" қабылданғанын айтты.

18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізген еді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты. Кеңес кезінде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы қаралды.

Екі күннен кейін Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешімнің қабылданғанын жария етті. Сол күні кезектен тыс сайлаудың мерзімі белгіленді.

Кейін партиялар кандидаттар тізімін жария етті. "Нұр Отанның" партия тізіміне 128 адам кірді, "Ақ Жолға" - 35 адам, ҚКХП - 22 адам, "Ауыл" - 19 адам, "Бірлік" - 8 адам. 

16 ақпанда Орталық сайлау комиссиясында Парламенттің төменгі палатасының депутаттарын кезектен тыс сайлауының бюллетендеріне саяси партиялардың атауын қосуға жеребе тартылды. "Нұр Отан" сайлау бюллетенінде бірінші, ҚКХП екінші номерде, "Ақ жол" - үшінші номер, "Бірлік" партиясы - төртінші номерде, ЖСДП бесінші. Ал "Ауыл" партиясы сайлау бюллетенінде алтыншы. 

Бір айдан кейін партия өкілдерінің теледебаты өтті. "Нұр Отан" партиясының атынан дебатқа төрағаның бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов шықты; ҚКХП - Владислав Косарев, ол Мәжіліс тарағанша "Халық коммунистері" фракциясын басқарды; "Ақ Жол" - партия төрағасы Азат Перуашев; "Бірлік" партиясынан - ҚР Парламенті мәжілісіне кандидат Роза Қуанышбаева; ЖСДП - ҚР Парламенті мәжілісіне кандидат Зәуреш Батталова; "Ауыл" партиясынан төраға Әли Бектаев шықты. 

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген. Кампания аясында төменгі палатадан 107 депутат таңдалады, оның ішінде 98-і партия тізімі бойынша да, тағы тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (16)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай