11 қараша 2021 11:40

Қазақстанда зираттарды күтіп ұстау туралы заң әзірлеу ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сенат депутаты жерлеу, зираттарды орналастыру және күтіп-ұстау мәселелерін реттеу үшін заң жобасын әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты жерлеу, зираттарды орналастыру және күтіп-ұстау мәселелерін реттеу үшін заң жобасын әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Еділ Мамытбеков премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жерлеу, зираттарды күтіп-ұстауға қатысты проблемаларды айтты. Ол 2017 жылы сенатор Ольга Перепечина "Жерлеу және жерлеу ісі туралы" заң жобасын әзірлеу туралы өтініш білдіргенін еске салды. Алайда сенатор бейінді мемлекеттік органдар бұл мәселені елемегенін атап өтті.

Мамытбековтің айтуынша, қазір заңнамалық актінің болмауы "болашақта проблемаларға әкелуі мүмкін".

"Қазақстанда жерлеуге қатысты қызмет көрсететін жеке фирмалар пайда бола бастады. Олардың саны артып келеді. Заң қабылдануы осындай маңызды саланы бақылап қана қоймай, оны қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, жерлеу мәселелерін реттейтін заңнамалық актінің болмауы түрлі құқықбұзушылықтарға алып келеді. Қылмыстық жерлеу, заңсыз бизнесті жүргізу деректері болатыны жоққа шығарылмайды, эксгумация (қайтыс болу себебін анықтау немесе мәйіттің ұқсастығына көз жеткізу мақсатында жерленген мәйітті қайта ашу) мен жерлеудің нақты ережелері жоқ", - деп атап өтті сенатор.

Депутат премьер-министрден бейіндік ведомстволарға зираттарды жерлеу, орналастыру және күтіп-ұстау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актіні әзірлеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсыруды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети