13 желтоқсан 2023 14:11

Қазақстандағы "9-20-25" ипотекасы: жаңа мәлімет айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы кейбір мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы кейбір мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Ибрагимова "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы жұмыс істейтін жастарға бағытталғанын атап өтті.

"Бірақ бұл бағдарлама 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал қазір академиялық ғылым қызметкерлерімен пилоттық жоба ретінде бағдарламаны бастадық. Олардың ғылыми жетістіктері болуы керек және соңғы бес жыл ішінде баспана болмауы керек. Айтпақшы, "9-20-25"-те де осындай талап болады, бағдарламаға қатысуға үміткер адамда баспана болмауы керек (соңғы 5 жылда)", - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте журналистер "9-20-25" бағдарламасында "7-20-25"-те кеткен қателер шынымен ескеріле ме деп сұрады.

"Біз қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы үлестік құрылыс нарығының әділ және ашық болуын қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосады деп есептейміз. "9-20-25" бағдарламасына тек қана дайын тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар ҚТК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үйлерді де қамту керек деген ұсынысты қолдаймыз.

Тағы бір ұсыныс болды, қауымдастықпен талқыладық. Біз құрылысшылармен жиі кездесеміз және кейбір қосымша мәселелерді көреміз. Мысалы, "7-20-25" бағдарламасында қатысу санына шектеулер болған жоқ. Яғни, олар 2019 жылы пәтер сатып алып, содан кейін жылжымайтын мүлік бағасының өсуін пайдаланып, оны сата алады және 2021 жылы қайтадан қатыса алады. Бізде бағдарламада бұған тыйым салынады. Адам тек бір рет қатысады. Сонымен қатар, өтінім беру кезінде "9-20-25" бағдарламасында 5 жыл бойы тұрғын үй болмауы тиіс. Біз мұны мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз", - деді Ләззат Ибрагимова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети