28 ақпан 2022 13:29

Қазақстандағы ауасы лас қалалар аталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфукар Жолдасов Қазақстандағы ауасы лас қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфукар Жолдасов Қазақстандағы ауасы лас қалаларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа отырысында сөйлеген сөзінде Жолдасов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауаға баса назар аударуды тапсырғанын еске салды.

"2021 жылы шығарындылардың нақты көлемі 2,4 миллион тонна болды. Бұл 2020 жылғы деңгейден алты пайызға төмен. Төгінді бойынша көрсеткіш 9 пайызға төмендеді. 4,2 миллион тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар түзілген. Қолданыстағы 3007 ТҚҚ полигонының 2404-і (80 пайызы) экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді", - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, 2021 жылы экомониторинг нәтижесі бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластанған.

"Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ауаның ластануының негізгі себептері - жылу көздері (ЖЭО, қазандықтар), автокөлік және жеке сектор. Өскемен және Теміртау қалаларында - өнеркәсіп. Ал Ақтөбе және Атырау қалаларында кәріз-тазарту құрылыстары ескірген", - деді Зулфукар Жолдасов.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети