12 қазан 2021 17:35

Қазақстандағы бензинмен қамту жағдайы тұрақты – Энергетика министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда бензинмен қамту жағдайы тұрақты деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда бензинмен қамту жағдайы тұрақты деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір елімізде бензин бойынша жағдай тұрақты. Қазан айында шамамен 304 мың тонна 92 маркалы бензин өндіру жоспары тұр. Оның ішінде Атырау зауытында 130 мың тонна, Шымкент зауытында 153 мың тонна және Павлодар мұнай-химия зауыты 20 мың тоннаға жуық өнім шығаруы тиіс. Айдың басындағы қолда бар бинзин қорын есепке ала отырып, ол шамамен 230 мың тонна өнім, ішкі нарықты қамтимыз деп ойлаймын. Біздің болжам бойынша бензинді тұтыну шамамен 340 мың тоннаны құрайды. Демек, қазан айында бензин жағдайы қалыпты болмақ. Бұған дейін қараша-желтоқсан айларында аталған өнім түрін экспорттауды жоспарлаған едік", - деді Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, министр орынбасары бүгінде елімізде дизель отынына сұраныстың артқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети