12 шілде 2021 16:24

Қазақстандағы колонияларға 3,7 миллиард теңгеге камералар қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы колонияларға 3,7 миллиард теңгеге 33 мың камера орнатылады. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандағы колонияларға 3,7 миллиард теңгеге 33 мың камера орнатылады. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ брифингі барысында Мұңайтпасова биыл түзеу жүйесінің 29 мекемесіне камера орнату үшін үш миллиард 704 мың теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. 2023 жылға дейін барлық колонияны бейнебақылау камерасымен жабдықтау жоспарланып отыр. 

"Бұл сома бейнекамераларға ғана емес, басқа элементтерге де бөлінді: бейнетіркеуіш, басқару серверлері. Сонымен қатар, қызметкерлерге арналған бейнетіркегіштер", - деді ҚАЖ басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.

2020 жылы сотталғандар "азапталғаны туралы" 126 факт тіркелген. Нәтижесінде сотқа бір ғана іс келіп, ҚАЖ қызметкері сотталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat_news

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қаласындағы колонияның екі тұтқыны қатаң ұстау жағдайларына наразылық ретінде қасықтың сабын жұтып қойған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети