05 наурыз 2024 10:47

Қазақстандағы утильалым тарифтері бойынша мәлімдеме жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған кескін Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған кескін

Индустрия және құрылыс министрлігі кәдеге жарату ақысына қатысты тариф мәселесі бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және құрылыс министрлігі кәдеге жарату ақысына қатысты тариф мәселесі бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, бір күн бұрын белсенді қазақстандықтармен шетелде тіркелген көліктерді заңдастыру мәселесі бойынша кездесу өткен.

Жиынға қатысушылар министрлік өкілдеріне сатып алынған шетелдік көліктерді әкелу кезінде бастапқы тіркеу және қайта өңдеу алымының мөлшерлемесін төмендету туралы ұсыныс білдірді.

"Мемлекеттік органдардың өкілдері бастамашыл топтың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Отырысқа қатысушыларға қазіргі уақытта тарифтерді төмендету қарастырылып жатқан жоқ екені түсіндірілді. Шетелдік автокөліктерді тіркеу кезінде төлемдердің болуы бойынша тиісті шаралар техникалық регламентке сәйкес келмейтін көлік құралдарын әкелуді шектеу ғана емес, сонымен қатар отандық автокөлік өндірісін дамытуға қаражат бағыттау мақсатында енгізілді", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Индустрия министрлігінің ұстанымына сәйкес, қабылданған шаралар отандық өндірістің көлік құралдарының бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ қалдықтарды өңдеу бойынша ішкі инфрақұрылымды арттыруға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети