20 қазан 2016 16:51

Қазақстандық екі жиһанкез 25 елді велосипедпен шарламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық екі жиһанкез Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 елді велосипедпен шарлап өтпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24Хабар сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық екі жиһанкез Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 елді велосипедпен шарлап өтпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24Хабар сайтына сілтеме жасап.

Олар сапар аясында жергілікті тұрғындармен кездесіп, еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен Елбасының "Әлем. XXI ғасыр" манифесін кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр. Астанадан шыққан саяхатшылар 40 күннің ішінде Ресей, Грузия, Әзірбайжан мен Иран Ислам республикасында болып, күні кеше Түркияға жетті. Ал бауырлас ел көк тумен серуендеп жүрген жолаушыларды құшақ жайып қарсы алды. Осындағы жергілікті халық отандастарымызды Ыстамбұлдың тарихи орындарын кеңінен аралатып, ерекше ықылас көрсетті. Енді қазақстандық саяхатшылар Грекияға бағыт ұстады. Алда оларды 5600 шақырымдық ұзақ сапар күтіп тұр.

"Жол-жөнекей қаншама мейірімді адамдарды кездестірдік. Қиналған сәтте қол ұшын созуға дайын көп достар таптық. Әлбетте, әр сапардың өз сынақтары бар. Табиғаттың тосын мінезіне тап болған сәттер аз емес. Күннің ыстығына күйіп, суығына тоңдық, сусыз қалып қойған жағдайлар да басымыздан өтті. Бірақ біз соған қарамастан сапарымызды үзбей, жалғастырып келеміз. Мақсатымыз - еліміз жайлы мазмұнды ақпарат беріп, Қазақстанды жан-жақты таныту. Сонымен қатар БҰҰ-ның мінберінде баяндаған Елбасымыздың "Әлем. XXI ғасыр" манифесін өзге халықтарға барынша насихаттауды көздеп отырмыз", - деді саяхатшы Талғат Жұмабеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети