28 қыркүйек 2021 17:49

Қазақстандық құрастырушылар неге "Сбер" платформасы таңдалғанын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

"Сбер" ресейлік компаниялар бірлестігі Қазақстан үкіметінің цифрлық қызметтерін жүргізеді. BTS Digital компаниясы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар үшін бұл келіссөздің қандай пайдасы бар екенін, шетелдік серіктестің не үшін шақырылғанын айтты.


"Сбер" ресейлік компаниялар бірлестігі Қазақстан үкіметінің цифрлық қызметтерін жүргізеді. BTS Digital компаниясы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар үшін бұл келіссөздің қандай пайдасы бар екенін, шетелдік серіктестің не үшін шақырылғанын айтты.

Бағдарлама құрастырушыларының айтуынша, Қазақстанда бірыңғай цифрлық платформа енгізу қажет. Egov, Qamqor, БЖЗҚ және басқа да қызметтер соның негізінде жұмыс істейді. GovTech бірыңғай бағдарламасына көшу әртүрлі мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды жылдамдату үшін керек. Бұл қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді жедел алуға көмектеседі, деп мәлімдеді BTS Digital.

"Мысалы, салық пен медицина туралы өтінішті алайық. Егер олардың әрқайсы ортақ платформада жұмыс жасамаса, дербес жүйе болса, оларды біріктіру және азаматтарға қызмет көрсету қиын. Біз салық туралы анықтаманы қолмен алып, оны медицина туралы қосымшаға жүктегенін қаламаймын. Олай жасамау керек, бәрі автоматты түрде осы жүйе арқылы болу керек", - деп түсіндірді BTS Digital бас директоры Нұртай Әбілғалиев.

Оның айтуынша, соңғы 10 жыл ішінде цифрлық трансформация барлық жерде жүріп жатыр: ірі корпорацияларда, бизнес-компанияларда. Сондықтан мемлекет те азаматтарға қызмет көрсетудегі, шешім қабылдаудағы қадамдарын өзгертуі қажет.

"Бүгін біз Facebook-тегі сияқты аптасына 10 мың шешім қабылдауға болатындай мүмкіндіктер жасауымыз керек. Егер қолданушыларға бір қызмет түрі ұнамаса, олар бір күнде бірдеңе ойлап тауып, оны екі күнде әзірлеушілермен жүзеге асырып, сынақтан өткізіп, бағдарламалық жасақтаманы өзгерте алады.

Азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін дәл осындай әдіс біздің мемлекет пен үкімет шеңберінде ойластырылып жатыр. Өйткені жәрдемақыны есептеу ережесін өзгерту үшін мыналар қажет: біріншіден, өзгерістер үш айға бекітіледі, кейін әзірлеуші ​​екі айға конкурс арқылы таңдалады, содан кейін үш ай өзгерістер дайындалады, содан кейін тапсырыс берушіге екі айда беріледі. Нәтижесінде, алты айда немесе бір жылдан кейін жәрдемақыны есептеу ережелеріне қандай да бір өзгеріс енгізе аламыз. Бірақ біздің көзқарасымыз - бұл ережелерді күн сайын өзгерту және жетілдіру", - деп түсіндірді ол.

BTS Digital компаниясы бас директоры Нұртай Әбілғалиев

Еске салайық, BTS Digital қазір 400-ден аса қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. GovTech бірыңғай цифрлық платформасына көшу үшін компания кемінде 1000 қазақстандық IТ-маманды жұмысқа алуға ниет білдіріп отыр. Олар осы жобаға қатысқысы келетіндер арасынан іріктелетін болады. Әзірлеушілер GovTech аясында өнімдерді оңай жасай алатындай кәсіби маман деңгейінде оқытылып, дайындалады.

"Елімізде 1000 жаңа маман пайда болуы керек - бұл біздің жобаның идеяларының бірі, өйткені бүгін мемлекеттік қызметтерді дамытуда жас, талантты, жаңадан іс бастаушыларға өте жоғары талаптар қойылады. Жаңа қызметтерді жасауға белгілі бір мөлшердегі ғана АТ-компаниялары жауап береді. Себебі олар осы қызметті өздері жасағандықтан, бұл салада олардың тәжірибесі бар және жүйелердің қалай жұмыс істейтінін жақсы түсінеді.

Сондықтан біз жаңа бағдарламк әзірлеушілер үшін осы платформаға қол жеткізуді жеңілдетуді мақсат етіп отырмыз, өйткені стандарттар біркелкі және түсінікті болады. Силикон бойынша жұмыс істейтін және Отанына оралуға шешім қабылдаған кез келген қазақстандық АТ маманы осы платформада қызметтер ұсынып, біздің экономикаға қатыса алады", - деді Әбілғалиев.

Сондай-ақ, ол "Сбер" компаниялар бірлестігінің платформасы не үшін таңдалғанын және неге өзімізге бағдарлама әзірлеу мүмкін еместігін түсіндірді, себебі онда кем дегенде 1400 жоғары білікті маман жұмыс істейді.

"Уақыт - IT индустрияның маңызды факторы. Бізде қазір мұндай платформаны жасайтын дарындар жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ бұл деңгейдегі платформаны әзірлеуге кеткен уақыт пен серіктестеріміз жұмсаған уақытты кері қайтара алмаймыз. 2-3-4 жыл ішінде жасаған нәрсені қайта жасаудың орнына, көп күш жұмсалған дайын нәрсені алған жөн. Себебі IT-индустрияда әрқашан осылай жұмыс істейді. Бұл жерде ең жақсысын алып, оны 1400 қызметкермен бірге дамыту керек. Біз бұған дейін жасалған нәрсені қайталағымыз келмейді", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірген блатын.

Кейін Қазақстан Үкіметі мен "Сбербанк России" қол қойған цифрлық трансформация жөніндегі жобалар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның егжей-тегжейі белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети