30 қараша 2017 10:14

Қазақстандық олигархтар мен Францияның бұрынғы президенті жемқорлық бойынша күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық Airbus компаниясында Қазақстанмен байланысты жүргізіліп жатқан тергеу шараларының аясындағы  тінту шаралары өткен. Бұл мәліметті "Астана" телеарнасына компанияның баспасөз қызметі растады.


Еуропалық Airbus компаниясында Қазақстанмен байланысты жүргізіліп жатқан тергеу шараларының аясындағы  тінту шаралары өткен. Бұл мәліметті "Астана" телеарнасына компанияның баспасөз қызметі растады.

Mediapart веб-сайтының мәліметінше, тінту жұмыстары Қазақстанда 2010 жылы сатылған тікұшақтар мен спутниктерге байланысты жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Францияда осы келіссөздер кезінде төленген заңсыз комиссиялық 8,8 миллион еуроға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазан айының соңында компанияның топ-менеджерлерінен жауап алынған. Олар бұл іске куәгерлер ретінде қатысып отыр. Айта кетейік, бұл іс 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, тергеушілер заңсыз жасалған келіссөздерге Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мен бірнеше қазақстандық олигарх қатысты деп күдіктеніп отыр.

"Біз Қазақстандағы мәселе бойынша Airbus кеңселерінде тінту жүргізілгенін растаймыз. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқандықтан біз осы жағдайға қатысты басқа мәлімет айта алмаймыз", -деп хабарлады компаниядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети