13 тамыз 2021 | 15:35

Қазақстандық тиктокер танымалдығы бойынша ресейлік жұлдыздарды басып озды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк лақапатымен танылған 18 жастағы алматылық Алина Ким ТМД-дағы ең танымал тиктокер қыз болды. Бүгінде оның оқырман саны 27,6 миллионнан асады. Оның ішінде ТМД тұрғындары ғана емес, шетелдік жанкүйері де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк лақапатымен танылған 18 жастағы алматылық Алина Ким ТМД-дағы ең танымал тиктокер қыз болды. Бүгінде оның оқырман саны 27,6 миллионнан асады. Оның ішінде ТМД тұрғындары ғана емес, шетелдік жанкүйері де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Даня Милохин (14,4 миллион), Дина Саева (23,5 миллион), Эра АЙС (22,9 миллион), Лиза Анохина (27,5), КАРНАВАЛ (19,8), Ольга Бузова (7,6), Карина Кросс (15,7) сияқты ресейлік жұлдыздарды оқырман саны бойынша басып озған. Қазақстандық тиктокердің алдында 32 миллион оқырманы бар Кирилл Колесников қана тұр.

"Бүгін мен ТМД-да бірінші болдым. Бұл жаңалық мені жігерлендіреді. Мақсатыма жақындап келе жатырмын", - деді Хома.

@homm9k

⚠️FLASH WARNING⚠️ #yolohouse

♬ original sound - ? ? ? ☘️ - gee

Хома YOLO House қазақстандық TikTok үйінің мүшесі. Бірақ ол бұған дейін де танымал болған. Алина 2019 жылдан бері блог жүргізуге қызығушылық танытқан. Содан бері ол шығармашылық және ойын-сауық бағытында видео түсіреді. Хома бастапқыда мұнша оқырманы болады деп ойламағанын мойындады. Бірақ оны командасы ынталандырады және бұл оған ерекше жауапкершілік артатынын айтты.

@homm9k

♬ i like you have a cupcake_fish hooks - faythe

"Олар менің екінші отбасым сияқты. Менің барлық бастамамды және нәтижелерімді қолдайды. YOLO да бүгін оқырман саны бойынша ТМД-да бірінші орында", - деді ол.

@homm9k

♬ original sound - The Richt Family

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети