21 қараша 2017 15:15

Қазақстандыққа Париж төрінен 65 миллион еуроға пәтер сатқан риелтор: Ведомстводан қоңыраулар түсіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан өкіліне" 65 миллион еуроға пәтер сатқан бельгиялық риелтор мемлекеттік құрылым өкілдерінен телефон қоңырауы түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.


"Қазақстан өкіліне" 65 миллион еуроға пәтер сатқан бельгиялық риелтор мемлекеттік құрылым өкілдерінен телефон қоңырауы түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.

Игнас Мювиссен алдын-ала ресми хат жолдамаған адамдармен шағын әңгіме болғанын айтып отыр. 

"Мәселен, өткен аптада көптеген адам осы мәселеге қатысты сұрақ қоя бастады, көбі біздің компаниямен байланысқа шығып жатты. Бірақ мен ведомстводан түскен бір қоңырау жайлы айтқым келіп отыр, менің ойымша, олардың маған телефон соғуға қақысы болған жоқ, себебі мен олардан алдын ала хат алмадым. Бұл адамдардың менің телефон нөмірімді қайдан алғанын білмеймін. Әйтеуір бір ведомстводан, атауын нақты білмеймін, салықты тіркеуге қатысты мәселе. Олар менен пәтер сатып алған адамның аты-жөнін сұрады. Мен құпиялылық саясатын ұстанып, клиентімнің аты-жөнін атай алмайтынымды айттым", - деді Игнас Мювиссен. 

Еске салайық, таяуда риелтор "Қазақстан билігінің өкілі" Франция астанасында бес жатын бөлмесі, SPA-аймағы және арнайы бассауға бөлмесі бар пәтерді 65 миллион еуроға сатып алғанын хабарлаған болатын. Компания мәліметінше, пәтер Париждің ең қымбат аудандарының бірінде орналасқан. Жалпы аумағы - 1 200 шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети