04 сәуір 2021 15:17

Қазақстандықтар коронавирус жұқтырған ұлын Мысырда қалдырған: СІМ мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Мысырдан коронавирус жұқтырған ұлын тастап, елге ұшып кетті. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Мысырдан коронавирус жұқтырған ұлын тастап, елге ұшып кетті. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Yk.kz мәліметінше, өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлын Мысырдан елге бірге алып кете алмаған, оның үстіне жасөспірімнің визасыз болу мерзімі аяқталып келеді. Оқиға Қазақстан өз азаматтарына ПТР анықтамасынсыз ұшаққа отыруға тыйым салғаннан кейін бірден болған. Бұл жағдайда ПТР сараптамасы оң нәтиже көрсеткен адам елге орала алмайды.

Отбасының төрт мүшесі Мысырда демалып, кетердің соңғы күні ПТР сынамасын тапсырған. Үшеуінде ол теріс нәтиже көрсетіп, ал үлкен ұлынан коронавирус табылыпты. Бірақ жасөспірімде аурудың белгілері болған жоқ.

Туроператордың өкілі жасөспірімнің ата-анасына елге қайту керегін, ал жігіт қонақүйде тұрып, екінші сынаманың нәтижесін күтуі керек екенін айтқан. 17 жастағы қазақстандық бұрын басқа елдерге өзі ұшып жүргендіктен, ата-анасы баласын қалдырып кеткен.

"Мысырдағы елшіліктің мәліметі бойынша, отандасымыздың жағдайы жақсы, ол қонақүйде, тамақпен қамтамасыз етілген. Барлық шығынды қонақүй көтерді. 5 сәуірде ол қайта сынама тапсырады.

Оның визасы 20 сәуірге дейін жарамды. Ата-анасы хабардар, біз жағдайды бақылауға алдық, жерлесіміз назардан тыс қалмады. Меніңше, медициналық сақтандыру мерзімі, азаматтардың жауапкершілігі және қазіргі кезде бүкіл әлемде болып жатқан жағдайды әркім түсінуі керек, сол бойынша туристік компаниялармен тағы бір рет жұмыс істеу қажет", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети