12 сәуір 2021 20:19

Қазақстандықтар науқас баласы бар ер адамға ақша жинап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар науқас баласымен бірге елордадағы дөңгелек ауыстыру бекетінде тұрып, сонда жұмыс істеуге мәжбүр болған Вячеслав Дружининге қаражат жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар науқас баласымен бірге елордадағы дөңгелек ауыстыру бекетінде тұрып, сонда жұмыс істеуге мәжбүр болған Вячеслав Дружининге қаражат жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше күн бұрын Вячеслав Дружинин түсірілген видео Желіде тарап кетті. Қолында баласы бар ер адам қазақстандықтардан көмек сұрады. Оның айтуынша, қаржылық қиындықтарға байланысты, ол церебралды сал ауруымен ауыратын кішкентай баласымен бірге дөңгелек ауыстыру бекетінде тұруға мәжбүр.

Видеода ер адам кішкентай баласымен тұрып жатқан жерін көрсетеді. Видео қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Көп ұзамай желіде тағы бір видео пайда болды, онда екі ер адам Вячеславқа 600 мың теңге береді. Олардың айтуынша, мұндай үлкен соманы қамқор азаматтар жинаған.

"Кредитім бар. Кредитім - 320-330 мың теңге", - дейді Вячеслав ақша берген ер адамдарға. 

Кейін елордалық парақшалардың бірі Вячеславқа ақша жинауды тоқтатуды ұсынды, өйткені ол "өтірікші және маскүнем адам" деген ақпарат түскен. Парақша әкімшісі шынайы ақпаратты күтіп отырғанын айтады. 

Za_rulem_astana оқырмандарының мәліметтері бойынша, ер адам үшін төрт миллион теңгеге жуық ақша жиналған.

Елорда әкімдігі тілшімізге Дружинин ай сайын жәрдемақы ретінде 125 мың теңге алатынын айтты. Сонымен қатар, оған медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі екен.

"Вячеслав Дружининнің кәмелетке толмаған ұлы барлық қажетті медициналық көмекті алды және ала береді. Қазіргі уақытта бала №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында емделіп жатыр. Ауруханадан шыққаннан кейін медициналық көрсеткіштер бойынша ерекше қажеттіліктері бар бала қай реабилитациялық орталықта одан әрі емделетіні және оңалатыны анықталады", - деді елорда әкімдігінің өкілдері.

Әкімдіктегілер баспана мәселесі тек заң бойынша шешілетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети