16 желтоқсан 2021 08:53

Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс есептеледі. 

Тәуелсіздік күніне орай көптеген қазақстандық марапатталған болатын. 

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда отшашу шашылды. Алматыда отшашу 16 желтоқсанда сағат 21.00-да ҚБТУ алаңынан басталады деп жоспарланған.

Кеше, 15 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ең басты міндетіміз бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау екеніне тоқталып, Тәуелсіздік бәрінен қымбат екенін баса айтқан еді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі "Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл" коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети