27 ақпан 2020 14:14

Қазақстандықтардың Бахрейнде сексуалдық құлдық туралы іске қатысы бары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың отандастарын Бахрейнде сексуалдық құлдықта ұстауды ұйымдастыруға қатысы бары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері айтты.

"Бір апта уақыт бұрын біз Қазақстанның 21 азаматшасын Бахрейнде сексуалдық құлдықтан босаттық. Бахрейннің құқық қорғау органдарының өкілдері мен Сауд Арабиясындағы Қазақстанның елшілігімен бірге босаттық", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың отанына аман-есен оралғанын айта отырып.

Бірақ бұл істің басқа мән-жайы айтылмады. 

"Тергеу шаралары жүріп жатыр. Мән-жайын айта алмаймын. Онда басқа да елдердің азаматтарының қатысы бар, Қазақстан ғана емес. Бұл ұйымдасқан үлкен топ", - деді СІМ өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети