Қазақстандықтардың басым бөлігі еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың басым бөлігі еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мемлекеттің қазіргі даму бағытына қатысты азаматтардың пікірін зерделеуге арналған әлеуметтік сауалнама қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі институт баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мемлекеттің қазіргі даму бағытына қатысты азаматтардың пікірін зерделеуге арналған әлеуметтік сауалнама қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі институт баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдау жұмысы барысында зерттеушілер әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтағы респонденттердің бағалауын зерделеп, ішкі саясатты қабылдауға аумақтық, гендерлік, жас ерекшелігі және экономикалық факторлардың әсерін саралады.

"Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын оң бағалайды. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 84,4 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді.

Аумақтық бөлініс әртүрлі елді мекен тұрғындарының бағалауларында жоғары деңгейдегі үйлесімділікті көрсетеді. Қала тұрғындарының арасында респонденттердің 84 пайызы елдің даму бағытын оң бағаласа, ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары – 85,2 пайызды құрайды. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, азаматтардың қазіргі бағытты қабылдауы ұқсас екенін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Авторлар гендер тұрғысынан талдау ерлер мен әйелдердің де жоғары деңгейде оң баға беретінін көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Сонымен қатар, әйелдер арасында бұл көрсеткіш біршама жоғары – 86,2 пайызды құрады, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен 4,3 пайызға артық.

Жас ерекшелігі тұрғысынан ең жоғары қолдау деңгейі жастар арасында тіркелді – 89,3 пайыз. Бұл жастардың қазіргі саяси бағытты анағұрлым оң қабылдайтынын көрсетеді".

Институт сатып алу қабілеті артқан сайын оң бағалау деңгейі де айтарлықтай өсетіні байқалатынын айтады. Өздерінің экономикалық жағдайының жақсарғанын сезінетін респонденттер бұл ілгерілеуді қазіргі саяси бағытпен байланыстыруға бейім.

"Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың саяси бағытқа берген бағасы негізінен оң сипатқа ие екенін және халықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктеріне қарамастан жоғары деңгейде сақталатынын көрсетеді", - деп түйіндеді ҚСЗИ.

Әлеуметтік сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілгені хабарланды. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы және Шымкенттен 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.58   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер