02 желтоқсан 2020 17:46

Қазақстандықтардың жеке мәліметтерін ұрлайтын жаңа ойын пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған ойынға сілтемені бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz.


Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған ойынға сілтемені бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өткізіледі. Алайда "ойынның" сілтемесі фишингтік сайтқа апарады.

Портал мәліметінше, бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Осының бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кіруге тырысқанда, фишинг туралы автоматты түрде ескерту шығады және сервермен байланыс қорғалмаған. Осындай интернет-платформалар арқылы алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен құпиясөздерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.

Дереккөз мәліметінше, бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етуде, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети