1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 триллион теңгеден асты 25 қазан 2021, 10:48

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты. БЖЗҚ 2021 жылдың 1 қазанына алдын ала нәтижені жариялады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты. БЖЗҚ 2021 жылдың 1 қазанына алдын ала нәтижені жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден аса зейнетақы жиналған. 1.10.2020 жылдан бастап 1.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5 пайызға өскен.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталған, оның мөлшері 12,7 триллион теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 4 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 миллиард теңге (өсім – 16 пайыз), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 миллиард теңгеге жеткен.

Салымшылар жарнасынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейін 1 триллион теңгеден аса таза инвестициялық табыс арқасында қамтылған. Бұл жемісті болған былтырғы көрсеткіштен асып түсті, нақтырақ айтқанда, 1 пайыз немесе 7 миллиард теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89 пайыз, ал инфляция 6,2 пайыз болған. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,08 пайыз, осы кезеңдегі инфляция 8,9 пайызды көрсеткен.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 миллион болған. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 909 456. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 534 067. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 54 013 болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 триллион теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 триллион теңге.

Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 миллиард теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 миллиард теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 29,1 миллиард теңге, жерлеуге – 4,0 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 1,6 миллиард теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болған.

Қазанның ортасында Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram