25 қыркүйек 2020 16:35

Қазақстанға келген жолаушылар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға автокөлікпен немесе ұшақпен келген жолаушылар бойынша жағдай қалай қадағаланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға автокөлікпен немесе ұшақпен келген жолаушылар бойынша жағдай қалай қадағаланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанға көліктің әртүрлі түрімен келіп жатқан жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір Қазақстанға жолаушылар екі жолмен - автокөлікпен немесе ұшақпен келеді. 24 қыркүйекте біздің елге ұшақпен 2 127 адам келді. Оның 2008-і - әуе жолаушылары болса, 119-ы экипаж мүшелері.

Аталған жолаушылардың ішінде 479 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Ешкім де ауруханаға жатқызылған жоқ. Себебі олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы анықталмады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Еске салайық, бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, Қазақстанға теміржол, теңіз, өзен көлігімен өткізу пункттері арқылы келетін адамдар термобақылау мен сауалнамадан өтеді және COVID-19-ға тапсырған тест нәтижесі теріс деген анықтаманы көрсетуі тиіс. Оның мерзімі бес тәуліктен аспауы керек. 

Анықтама болмаған жағдайда, адамдар мемлекеттік шекарадан өткен жерде коронавирусқа зертханалық тексеруден өтеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети