07 шілде 2020 09:14

Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер немен айналысатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жергілікті әріптестеріне көмек көрсету келген рессейлік дәрігерлер Нұр-Сұлтанда және басқа да өңірлерде жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жергілікті әріптестеріне көмек көрсету келген рессейлік дәрігерлер Нұр-Сұлтанда және басқа да өңірлерде жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 қарсы күресте практикалық және консультациялық қолдау көрсету үшін Мәскеуден арнайы рейспен ресейлік дәрігерлер делегациясы келді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан мен Ресей басшылығы арасындағы келісімдерді жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласына РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастаған 32 жетекші маман келеді, бұл дәрігерлер бұрын зерттелмеген жаңа инфекциямен қарсы күрес шараларына тікелей қатысқан.

"Қазақстандық және ресейлік дәрігерлер өзара тәжірибе, білім алмасуды дәстүрге айналдырған. Қазір бүкіл әлемде ғалымдар мен дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа тактикалары мен әдістерін зерттеп, белсенді түрде тәжірибе алмасуда. Медициналық қоғамдастықтың ынтымақтастығы мен екі елдің жоғары басшылығы арасындағы келісімнің арқасында ресейлік және қазақстандық дәрігерлердің тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар. Біз әріптестерімізді Қазақстанда қуана қарсы аламыз",- деді Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Мұрат Шоранов.

Министрліктің мәліметінше, мәскеулік дәрігерлер делегациясы медициналық ұйымдарға практикалық қолдау көрсетеді.

Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонологтар бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети