26 мамыр 2014 17:12

Қазақстанға келген шетелдіктер қонақүйлерде тіркеуде тұра алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews иллюстрациясы ©tengrinews иллюстрациясы

Қазақстанға келген шетелдіктер қонақүйлерде тіркеуде тұра алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанға келген шетелдіктер қонақүйлерде тіркеуде тұра алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мамандарының айтуынша, қазірдің өзінде бұл ереже Қазақстан аумағында жүзеге асырылып отыр. 24 мамырда Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев пен ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің мамандары Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар ассоциациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында шетелдіктерді тіркеудің жаңа жүйесінің таныстырылымы болып, қонақ үйлерде тұрып жатқан туристер үшін бұл рәсімдерді жеңілдету мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда заңнамаға сәйкес шетелдіктер елге кіргеннен кейін 5 тәулік ішінде көші-қон полициясына тіркелуге міндетті. Бұл туристер үшін де, өзге қонақтар үшін де белгілі бір жайсыздықтар туғызады. Бірінші кезекте бұл ішкі істер органдары жұмысының кестесіне, жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері тіркеу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты. Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар ассоциациясының басшылығымен бірқатар кездесулерден кейін ІІМ шетелдіктерді бірден қонақ үйлерде бірыңғай ақпараттық көші-қон жүйесіне тіркеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл көші-қон полициясы органдарына бармай-ақ толық тіркеуден өту мүмкіндігін қамтамасыз етіп, шетелдік қонақтардың уақытын шығындамауға мүмкіндік береді.

"Мұндай жүйені құру үшін бір жыл қажет болды. Бүгінгі таңда ұсынылған ҰҚК мен ІІМ-нің бірыңғай ақпараттық жүйесі шетел азаматтарының қонақүйлерде тікелей сапалы және жедел тіркеуге мүмкіндік береді. Тіркеу қонақүй персоналының шетел азаматтарын орналастырумен бірге жүргізіледі. Бұл жөнінде ақпарат көші-қон полициясына қосылуы қосымша шығындарды қажет етпейтін интернет-арналар арқылы келетін болады", - деп түсіндірді аталмыш министрліктің баспасөз қызметі.

Бірінші кезекте электронды тіркеуге Әділет басқармасында тіркелген барлық 320 қонақүйлер қамтылатын болады. Содан кейін мұндай тәртіп шетел азаматтарын қабылдайтын басқа да қонақүйлер мен мекемелерге таралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети