24 мамыр 2016 15:45

Қазақстанмен шекаралас елдердің компанияларына жерді жалға беруді тоқтату ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азат Перуашев Азат Перуашев

Қазақстанмен шекаралас компанияларға жерді жалға беруді тоқтату керек. Бұл ұсынысты бүгін "Ақ жол" партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанмен шекаралас компанияларға жерді жалға беруді тоқтату керек. Бұл ұсынысты бүгін "Ақ жол" партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жерді шетелдік компанияларға жалға беру мәселесіне келсек, менің ойымша, егер бұл компаниялар жаңа технологиялар әкеліп, осы секторды инвестициялап, жетілдіретін болса, мұндай серіктестерді қуана қарсы алу керек. Дегенмен, олардың агротехникалық, экологиялық және басқа да құқықтық нормаларды сақтауын қадағалау жоғарғы деңгейде болуы тиіс. Сонымен қатар, қоғамдық қауіптен қашу мақсатында Қазақстанмен шекаралас елдерге тиесілі компанияларға жерді жалға беруді тоқтату мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - деді Перуашев "Қазақстан-2050" ДКЖК отырысы барысында.

Сонымен қатар, Перуашев қазақстандық азаматтар үшін жерге жеке меншіктің марапат болуы тиіс екенін айтты.

"Жерге жеке меншік міндет емес, нарықта тиімді жұмыс істей алған ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін марапат болуы тиіс", - деді "Ақ жол" партиясының төрағасы.

Перуашевтің ұсынысын "Нұр Отан" партиясы ішінара қолдады.

"Ақ жол" партиясының төрағасы көтерген мәселе "Нұр Отан" өкілдерінің пікірімен сәйкес. Шекараға жақын маңдағы жерлерді жалға беру кезінде шектеу қою керек. Егер 100-150 шақырым қашықтықта орналасса, беруге болады. Екіншіден, жерді шетелдіктерге жалға беру кезінде Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан қатаң бақылау болуы тиіс. Себебі, олар жерді дұрыс пайдаланбауы мүмкін", - деді "Нұр Отан" партиясының өкілі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети