11 қараша 2020 17:05

Қазақстаннан кеткендер туралы естігенде уайымдаймын - Елбасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Қазақстаннан біреу басқа жаққа көшіп жатқанын естігенде уайымдаймын. Егер біз жақсы жағдай жасасақ, неге көшесіздер? Олар қайда және неге көшіп жатыр? Сондықтан жергілікті әкімдіктер өте сақ болуы керек. Неге олар көршілес жоғары оқу орындарына кетіп жатыр? Бізде барлығы жақсы болатындай жағдай жасау керек. Ең бастысы сапалы білім керек", - деді Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында.

Назарбаев жастар арасында ксенофобиямен күресуге шақырды

Сонымен қатар, Назарбаев "Қазақстанның байлығы мен күші - көпэтностық екенін атап өтіп, оны "дұрыс пайдалану керегін жеткізді".

"Бұл игілікке күмән келетін сәттер де болады. Сондықтан ортақ жауапкершілігімізді ұдайы нығайтып отыруымыз керек. Бүкіл халықтың бірігуі - өте маңызды. Бұл - сәттілік кепілі. Біздің парызымыз - осы дәстүрді келесі ұрпаққа жеткізу", - деп түйіндеді сөзін ол.

Назарбаев әзербайжан-армян соғысы неден басталғанын еске алды

Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысын өткізетіні хабарланған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети