16 наурыз 2023 17:53

Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жүк бөлігінде әскери киімдер болған "Газель" көлігін ұстаған.

"Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде тұр, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел шаралардың нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, тәркіленген жүк мемлекет меншігіне өтетіні айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети