19 қараша 2019 16:41

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының үшінші маусымының фаворитіне дауыс беру уақыты ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы бойынша бүкіл халықтық дауыс беру мерзімі ұзартылды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы бойынша бүкіл халықтық дауыс беру мерзімі ұзартылды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дауыс беру 25 қараша күні сағат 23.59-ге дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, жоба жеңімпаздарын 100janaesim.ruh.kz сайтында таңдау мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта үміткерлерге 700 мыңнан аса дауыс берілді. Дегенмен жобаны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, дауыс беру барысында техникалық қызметкерлер жекелеген кандидаттар тарапынан бірқатар манипуляцияларды тіркеген болатын.

"Біз кез келген санкцияланбаған әрекеттерді мұқият қадағалаймыз, сондықтан осындай жолмен алынған дауыстар тіркелмейді. Қатысушыларды алдағы уақытта өздерінің беделін түсіре алатын манипуляцияларға жүгінбеуді сұраймыз" - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Анықталған манипуляция құралдарының арасында дауыстарды айналдыру бойынша сервистерді пайдалану, портал жұмысының бәсеңдеуіне әкелетін бір IP мекенжайдан жаппай дауыс беруге әрекеттері байқалған.

Рұқсат етілмеген іс-әрекеттердің өткізілуіне байланысты дауыс беруді 25 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Ұйымдастырушылар өз шешімін: "Біз "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары қатарында еліміздің ең лайықты азаматтары болғанын қалаймыз", - деп түсіндірді.

Материал "Рухани жаңғыру" ҚҚДИ" КЕАҚ қолдауымен дайындалды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети