Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Тұрар Қазанғапов

18 қарашада еліміздің алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.


Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейде 25 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +20
Түркістан +23
О
Орал +15
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер