13 сәуір 2019 13:28

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: pixabay.com © Фото: pixabay.com

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16 сәуірде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға уласады), кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 15-16 сәуірде Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 аязға, күндіз 2-7 жылыға дейін төмендейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети