04 маусым 2020 15:37

Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет өкілдеріне сілтеме жасап.


Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет өкілдеріне сілтеме жасап.

5 маусымда түнде Ақмола облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.Қарағанды облысының кей жерінде де 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Қарағанды облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Түнде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының солтүстік-шығыста 06-07 маусымда түнде 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді. 5 маусымда Қостанай облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап,  бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерде 15-20, күндіз 23-28 м/с жетеді. Өскемен қаласында 5 маусымда найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с шамасында.

Семейде 5 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады. 6-7 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети