16 қараша 2022 14:34

Қазақстанның Даму банкіне жаңа басшы тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Байбазаров "Қазақстанның Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрлан Байбазаров "Қазақстанның Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Даму банкі" АҚ (ҚДБ) жалғыз акционері - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі ҚДБ басқарма төрағасы қызметіне Нұрлан Серікұлы Байбазаровты тағайындады", - делінген хабарламада.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді.

2013-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.

Еске салайық, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети