Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық өршіп тұр - министр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Министр Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың қауіпті деңгейге жеткенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Министр Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың қауіпті деңгейге жеткенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, бәріміз денсаулық саласында жемқорлық барын мойындаймыз және өкінішке қарай, ол қауіпті деңгейге жетіп, өршіп барады. Мұның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі - лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлық", - дейді министр ведомство алқасының отырысынан тыс кезде.

"Екінші қиындық  - мемлекеттік және жекеменшік ұйым қызметкерлерінің: медбикелер, дәрігерлер, оқу орындарының оқытушылары және тағы басқа заңсыз сыйақы алуы. Мұның бәрімен күресу керек, бірақ, бұл шаралар белгі үшін ғана жасалып отырғанын байқап жатырмыз", - дейді ол. 

Сонымен қатар, министрдің сөзінше, мемлекеттік сатып алу саласында да жемқорлық заңбұзушылықтар бар. 

"Бұл лауазымды қызметкерлерге тән. Сатып алу жоспары, бюджетті бекіту және бюджеттің мақсатты жұмсалуы қоғамның қатысуымен жүруі тиіс. Қазір бізде корпоративті басқару енгізіліп жатыр. БАҚ-тарда, қоғамда, медициналық ұйымдарда болуы керек. Бұл оқу орындарына да қатысты", - деді министр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдарының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бағалауы бойынша Қазақстан экономикасы ішінде денсаулық сақтау саласы жемқорлық жайлаған салалардың бестігіне кіретінін айтады. 

Оның мәліметі бойынша, 2017 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында12 қылмыстық іс қозғалып, денсаулық сақтау ұйымдарының сегіз басшысы сотталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer