26 шілде 2015 18:06

Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"27 шілдеде ДСҰ-да Қазақстанның ұйымға ресми түрде мүше болу ресми рәсімі өтеді. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Женеваға келіп жатыр", - деп мәлімдеді өзінің микроблогында Тоқаев.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болу туралы келіссөздерінің аяқталғанын жариялады. "Бүгін Женевада Жұмыс тобының ақтық жиналысы болып өтті, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына байланысты келіссөздердің аяқталғаны жария болды", - делінген еді Ақорда хабарламасында. Айта кетейік, Қазақстанның ДСҰ-ға қандай талаптармен кіретіні жайлы келіссөздер 19 жылға жалғасты. Келіссөздердің аяқталғаны 2015 жылдың 11 маусымында белгілі болды. Республика 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген болатын.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети