10 шілде 2021 09:24

Қазақстанның жеті өңірінде ЖҚС желілері бағаны өзара келісіп көтерген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© caranddriver.gr © caranddriver.gr

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы бағаларға жүргізген мониторинг аясында монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін - Қазақстанның 7 өңіріндегі дизель отынын бірқатар бөлшектеп сатушыларының бағалық сөз байласуын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттік сайтына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде, 2021 жылдың 3 шілдесінде дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге - Жамбыл облысында ("Эврика нефтепродукт" ЖШС, "Бизнес Ойл" ЖШС, "Тараз VIP сервис" ЖШС, "Тараз Петрол Сервис" ЖШС, ЖК "Нұров", ЖК "Мухиев","Газпромнефть Қазақстан" ЖШС ), Қызылорда облысында ("Қызылорда мұнай өнімдері" ЖШС), Шымкентте ("Газпромнефть Қазақстан" ЖШС), Нұр-Сұлтанда ("Бизнес Петролеум" ЖШС, "Ойл" ЖШС, "Аурика" ЖШС, "Асқар" ЖШС,"Номад "ЖҚС" ЖШС, "Gas Energy" ЖШС, "Газпромнефть Қазақстан" ЖШС), Алматыда ("Royal Petrol" ЖШС, "Газпромнефть Қазақстан" ЖШС), Алматы облысында ("Газпромнефть Казақстан" ЖШС), Түркістан облысында ("ТС" ЖШС және "МИГ" ЖШС) БҚДА аумақтық бөлімшелері бағаны төмендету арқылы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерін жою туралы 17 хабарлама шығарды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін биыл 30 сәуірінде Қазақстанның 4 өңірінде (Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында) 14 ЖМҚС әрекеттерінде АИ-92 бензинін сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері байқалғаны хабарланған еді. Барлық хабарламалар орындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети