05 сәуір 2024 16:43

Қазақстанның жеті өңірінде полиция елді мекендерді қоршауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның жеті облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді полиция қоршауға алды. Жалпы, тәртіп сақшылары 25 ауданда иесіз қалған үйлер мен нысандарды күзетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның жеті облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді полиция қоршауға алды. Жалпы, тәртіп сақшылары 25 ауданда иесіз қалған үйлер мен нысандарды күзетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі елдегі су тасқыны жағдайын айтты. Бүгінде 10 мыңға жуық адам эвакуацияланған, оның ішінде 200-ден астамы тікұшақтар көмегімен. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 78 уақытша орналастыру орталығында азаматтардың қауіпсіз тұруын ұйымдастырды.

"Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының 25 ауданында зардап шеккен елді мекендер қоршауға алынды", - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев брифингте.

Ішкі істер министрлігі күштері 965 қараусыз қалған тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды күзетіп отыр. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 93 ауданда, оның ішінде 8 республикалық маңызы бар облыста жол қозғалысына шектеулер енгізді.

Жалпы апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға ішкі істер органдарының 5 мыңнан аса қызметкері, 800-ге жуық техника (патрульдік көліктер, қызметтік автобустар және 2 тікұшақ) жұмылдырылған. Ұйымдасқан колонналар су басқан аймақтардан 3,5 мың көлікті алып шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети