21 шілде 2014 12:52

Қазақстанның ЖОО-ларында ХҚКО арқылы қызметтер алу негіздері оқытылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ХҚКО. ©Ярослав Радловский Алматыдағы ХҚКО. ©Ярослав Радловский

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында ХҚКО арқылы қызметтер алу негіздері оқытылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ХҚКО республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында ХҚКО арқылы қызметтер алу негіздері оқытылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ХҚКО республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Алдағы оқу жылында "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер ұсыну негіздері" элективті пәні Т. Рысқұлов атындағы университетінің, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне оқытылатын болады", - делінген таратылған хабарламада. 

Ведомства баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш пән 2013 жылы "Тұран-Астана"  университетінде және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжінің "Юриспруденция", "Менеджмент" және " Мемлекеттік және жергілікті басқару" факультеттерінің 1 және 2 курс студенттеріне оқытылды. Сабақтарды "ХҚКО" РМК Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдарының қызметкерлері жүргізді. Жаңа оқу жылында осы оқу орындарында пәннің академиялық сағаттар саны 3 есеге артқалы отыр.

Бағдарлама шеңберінде студенттер пайдаланушы көзқарасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай қызметтер алуға болатындығын, электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алудың басымдығы туралы біле алатын болады, egov.kz порталының мүмкіндіктерімен, ЭЦҚ қолдану тәртібімен және т.т. таныса алатын болады. Элективті пәннің мазмұны кәсіби қызығушылықтарды қанағаттандыруға, ХҚО-лар және электрондық үкімет порталы туралы білімді тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Студент таңдаған элективті пәндер зерттеу үшін міндетті болып табылады.

Студенттерден басқа, ХҚКО-лар қызметтерін ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру, инспекторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну талаптары мен сапасын арттыру мақсатында ХҚКО бөлімдерінің 100 басшысы оқытудан өтетін болады. ХҚКО қызметкерлеріне таңдалған ЖОО-ның оқытушылар құрамы сабақ беретін болады. Жыл сайын ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін білуге тексерістен өтетіндігі баршамызға мәлім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети