12 қыркүйек 2023 10:11

Қазақстанның қай аймағында адам жиі жоғалады? Бас прокуратура айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

  • Алматы қаласы - 287;
  • Қарағанды облысы-221;
  • Павлодар облысы-170;
  • Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

"Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам, автокөлікпен жоғалған - 74, жұмыстан кеткен - 36. Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Іздестіріліп жатқандар негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

  • Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
  • Алматы қаласында (514)
  • Астана қаласында (185)
  • Шымкент қаласында (155)
  • Алматы облысы(143)
  • Қарағанды (140) облысы.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети