03 қаңтар 2024 09:30

Қазақстанның қай өңірінде жүкті болып қалған қыздар көп?

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото pixabay фото pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық статистика бюросы 18 жасқа толмаған қыздардың жүктілігі мен тұрмысқа шығуы туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық статистика бюросы 18 жасқа толмаған қыздардың жүктілігі мен тұрмысқа шығуы туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында 2023 жылы ақпараттық жүйелердің мәліметі бойынша 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 18 жасқа толмаған 2105 қыз жүкті болғанын хабарлады.

11 мен 16 жас аралығында 97 қыз жүкті болып қалған. 2023 жылдың 11 айында жүкті болған 18 жасқа дейінгі қыздардың ең көп саны Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелгені хабарланды. 18 жасқа толмаған босанған қыздардың саны 1411 болған. 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 16 мен 18 жас аралығында 1 676 қыз жүкті болып қалған.

Сауалға жауап ретінде Ұлттық статистика басқармасы 2023 жылы 18 жасқа толмаған 866 қыздың тұрмысқа шыққанын, ал 18 жасқа толмаған 79 ұлдың үйленгенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін (зорлық-зомбылықсыз) қылмыстық жаза қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 122-бабында көрсетілген.

Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл әрекет бірнеше рет не екі және одан көп адамға қатысты жасалған болса - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети