12 мамыр 2021 13:35

Қазандағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Білім беру нысандарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім беру нысандарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық.
Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекетке байланысты", - деді министр Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарын аттестаттау ережесі жобасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша осы және басқа да жаңа шаралар қарастырылған. Мұндай тәжірибе мектептерді халықаралық аккредиттеу кезінде пайдаланылады.

"Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек. Бұл үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар - біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет", - деді министр.

Татарстан астанасындағы № 175 мектепте 11 мамырда таңертең атыс болды. Оны бұрынғы студент 19 жастағы Ильназ Галявиев ұйымдастырған. Нәтижесінде тоғыз адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім - ағылшын тілінің 25 жастағы мұғалімі Эльвира Игнатьева және бастауыш сыныптың 55 жастағы мұғалімі Венера Айзатова қайтыс болды. Атыс шығарған жасөспірім ұсталды. Жауап алу кезінде ол "бәрін жек көретінін" айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети