25 қараша 2020 12:42

"ҚазМұнайГаз" топ-менеджерлерінің жалақысы қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:kmg.kz Фото:kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" қызметкерлерінің жалақысы 6,7 пайызға қысқарды. Бұл туралы басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазМұнайГаз" қызметкерлерінің жалақысы 6,7 пайызға қысқарды. Бұл туралы басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарабаевтың айтуынша, басқарушы персоналдың жалақысы 6,7 пайызға қысқарды (таратылған баяндаманың деректері бойынша шығыстар өткен жылғы 64 миллиард теңгеден 2020 жылдың тоғыз айында 59,7 миллиард теңгеге дейін).

"Біз бонустардан, сыйлықақылардан бас тарттық және топ-менеджерлердің жалақысын қысқарттық. Сондай-ақ, орталық аппарат штаты 34 пайызға қысқарды. Оңтайландыру нәтижесінде 2020 жылдың тоғыз айында күрделі салымдар 13 пайызға - 338 миллиард теңгеден 293 миллиард теңгеге дейін төмендеді.

Тоғыз айда жалпы және әкімшілік шығындар 135-тен 107 миллиард теңгеге дейін 21 пайызға төмендеді", - деді Қарабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети