01 қараша 2023 15:16

Қазнетте "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа атауы" тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

WhatsApp-та "Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл фейк, деп жазды StopFake.kz порталы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp-та "Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл фейк, деп жазды StopFake.kz порталы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат қазақстандық жаңалықтар порталының әлеуметтік желілердегі постының иллюстрациясына сай жасалған. Ал мәтінде жаңа атау туралы Өнеркәсіп министрлігінің басшысы хабарлады делінген.

"Бірақ онда "Арселор Миттал Теміртау" қалай аталатыны жазылмаға. Жаңалықта былай делінген: "Арселор Миттал Теміртау" Қазақстандағы атауын өзгертеді, деп мәлімдеді Өнеркәсіп министрлігінің басшысы". Пост суретінде де компанияның жаңа атауы көрсетілмеген", - деп жазды портал.

Керісінше, бұл тақырыптағы осы және басқа жаңалықтарда компанияның жаңа атауы әлі белгісіз екені атап өтілген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети