Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Қазпошта" Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді 30 қаңтар 2023, 09:49

Қазпошта филиалдардың бірінде жүк тиеу кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры видео кадры

Қазпошта филиалдардың бірінде жүк тиеу кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданында "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің қызметкерлері ғимарат кіреберісінен қара пакетті домалатып түсірген сәттің видеосы пайда болды.

"Telegram-арнасында жарияланған видеоға байланысты, видео авторының болжамы шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жөнелтілген қара пакеттерде хаттар мен сәлемдемелер болмаған. Барлық пошта жөнелтілімдері талаптарға сәйкес көліктерге тиеледі", - деді "Қазпошта" АҚ PR қызметі өкілдері.

Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер бар!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram